Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздар карантиндегі уақытын қалай өткізіп жатыр

Опубликовано:

Елімізде коронавирус салдарынан орын алған жағдай барша қазақстандықтарды алаңдатып қойды. Той-томалақтар мен концерттерден қағылған өнер жұлдыздары да пандемияның тез таралып жатқанына уайымдап, бүгінде үйлерінен шықпай отыр. Шоу-бизнес өкілдері карантин талаптарын барынша сақтап, желі арқылы бос уақытын қалай өткізіп жатқанын жарыса көрсетуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Өнер иелері коронавирус инфекциясы салдарынан орнаған ТЖ режимі кезінде жаппай халықты сақтануға шақырды. Жұлдыздар әлем бойынша мыңдаған адам өмірін қыршынынан қиған індетке немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше үйден шықпауларын сұраған болатын.

Бүгінде үйлерінде қамалып отырған қазақстандықтар желіде белсенділік танытып, бос уақытын қалай өткізіп жатқанымен бөлісіп жүр. Отандастарының амандығы үшін желіде шырылдаған жұлдыздар да карантинде немен айналысып жатқанын көрсетті. Назарларыңызға үйлерінен шықпай сақтанып жүрген әртісердің топтамасын ұсынамыз.

Олардың бірі бар бос уақытын бала-шағасына арнаса, енді бірі карантинді тиімді әрі пайдалы етіп өткізудің тәсілдерімен бөлісті. Кейбір жұлдыздар тіптен әлеуметтік желі көмегімен концерт беріп те кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін отандық өнер жұлдыздары барша қазақстандықтарға видео үндеу жасап, оларды барынша сақтануға шақырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1847823-otandyk-zldyzdar-karantindegi-uakytyn-kalaj-tkizip-zatyr/

pixel