Выйти
RU

Коронавирус: Елорда медицина қызметкерлеріне қонақ үй мен көлік бөлінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында короновирус инфекциясын жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жағдай жасау үшін қонақүйлер бөлінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін де көлік ұйымдастырылған. Бұл қызметтердің барлығы тегін", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, қалалық штабтың тамақ ұйымдастырғаны, ал City Transportation Systems (CTS) компаниясының көлік бөлгені белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық салада жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін жаңа қаржылық қолдау пакеті бекітілетінін хабарлады.

"№2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс жасайды. №2 қалалық емхана базасында (Желтоқсан көшесі, 36) жедел респираторлы вирустық инфекциясы белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды.
ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус дертін жұқтырғандар саны 284-ке жетті. Оның 167 жағдайы елордада тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Елорда медицина қызметкерлеріне қонақ үй мен көлік бөлінді