Выйти
RU

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған екінші адам Ақтаудан келген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам туралы ақпарат пайда болды. Анықталғандай, жолаушы Ақтаудан ұшып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған екінші адам Ақтаудан келген

Көрнекі фото: pixabay.com

Тікелей эфирдегі кешкі брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева 29 наурыз күні Ақтөбе облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың екінші оқиғасы анықталғанын айтты.

"Ұшақтан түсе сала барлық 18 жолаушы карантиндік орталыққа жатқызылды. Барлығынан вирусологиялық зерттеулерге талдау жасалды. Бір жолаушыда оң нәтиже анықталды.
Бұл жолаушыны инфекциялық стационарға жатқызу мәселесі шешілуде. Онымен байланыста болғандар бойынша қазір эпидемиологиялық тексеріс жүргізілуде", - деп хабарлады Нұрсұлу Беркімбаева. .

Сонымен қатар, Ақтөбе уақыты бойынша 23:30-да "Ақтөбе" арнасында тікелей эфирде облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбеліктерге үндеу жасады. Ол Ақтөбе облысы аумағында шектеу шараларын белгілеу туралы хабарлады.

Билік ақтөбеліктерді үйден тек қана аса қажет болған жағдайда, яғни, азық-түлік пен дәріханаға және жұмысқа бару үшін ғана шығуды сұрайды.

"Бұрын осы қиындыққа тап болған елдердің тәжірибесі бойынша, елді мекендерді де, адамдарды да оқшаулау - жалғыз дұрыс шара болып есептеледі.
Экономикалық пайда - адам өмірімен салыстырғанда маңызды емес. Ерекше тәртіптің шектеулері 30 наурыздан 31 наурызға қараған түні күшіне енеді.
Осындай қиын уақытта жиналып, бір-бірімізге, қарттар мен жалғызбасты көршілерімізге қолдау көрсетуіміз қажет.
Мемлекет халықтың қорғалмаған топтарына қаржылық қолдау көрсетуді көздейді.
Ең бастысы, ертеңгі күнге сенім мен үміт бар. Жасырмаймын, ерекше режимді шектеу енгізудің алғашқы күндері өте қиын болады.
Рухты, ұйымшылдықты және даналықты жоғалтпауды сұраймын. Белгіленген жоспарларды жүзеге асыратын боламыз. Көшелер мен жолдарды асфальттау, әлеуметтік нысандарды салуды жалғастырамыз", - деді ақтөбеліктерге Оңдасын Оразалин.

Еске сала кетсек, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус дертін жұқтырғандар саны 284-ке жеткенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған екінші адам Ақтаудан келген