Выйти
RU

АҚШ-та 65 жыл отасқан ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында отасқандарына 65 жыл болған ерлі-зайыптылар бір күнде коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

ақштат

Көрнекі фото: pixabay.com

Ерлі-зайыптылар бір күнде, небәрі бірнеше сағат айырмасымен көз жұмған. Бұл туралы олардың немересі Стивен Нэш Twitter желісінде хабарлаған.

Нэштің сөзінше, олардың артында алты баласы мен 18 немересі қалған.

Бұған дейін ауруды бақылайтын америкалық орталық мәлімдеме жасаған еді. Мекеменің хабарлауынша, АҚШ-тағы коронавирустан қайтыс болғандардың 80 пайызы 65 жастан асқан адамдар.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 726 мың 187 адамға жетті.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Онда COVID-19 инфекциясы 140 мың аса адамнан анықталған.

Қазіргі уақытта АҚШ вирусты жұқтырғандар саны 100 мың адамнан асатын жалғыз ел болып отыр. Бір тәулік ішінде ауырған америкалықтардың саны 16,5 мыңнан аса адамға артқан.

Коронавирусты ең көп жұқтырғандардың арасында Италия екінші орында тұр. Бұл еуропалық елде вирус 97 мыңнан аса адамнан анықталған (тәулігіне 5 мыңнан астам адам жұқтырған).

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та 65 жыл отасқан ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде көз жұмды