Выйти
RU

Қазақстандық теннисші қыз жаңадан танылып келе жатқан әлемдік жұлдыздардың үздік ондығына енді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемдік теннисте жаңадан танылып келе жатқан үздік спортшылардың рейтингі шықты. Олардың арасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы әлемдік жұлдыздардың үздік ондығына енді

Фото: instagram.com/lenarybakina

Британиялық Sportsmole.co.uk сайты Рыбакинаны теннис әлемінде жаңадан танылып келе жатқан жұлдыздардың ондығына қосқан. Басылым спортшының өткен жылдың шілде айында алғашқы жүздікке еніп, 36-дан 17-ші позицияға көтерілгенін атап өтті.

"2019 жылы Андреескудың, 2020 жылы Рыбкинаның US Open титулымен аяқталған ойындары арасында нақты ұқсастықтар бар. Қазақстанның атынан шыққан 20 жастағы теннисші өткен жылдың шілдесінде алғашқы жүздікке кіріп, биыл 36-дан 17-орынға көтерілді. Ол сондай-ақ, WTA Tour титулына ие болып, Дубайда София Кенин мен Каролина Плишкованы жеңіп, үш финалға өтті", - деп жазады БАҚ.

Бұған дейін хабарланғандай, Рыбакина өзінің мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте ТОП-20-ға кірген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 23 жастағы түрік волейболшысының ерекше сұлулығымен әлем назарын өзіне аударғаны туралы жазған едік.

Ягмур Мислина есімді ару Килич "Галатасарай", "Бешикташ", "Туркиш Эйрлайнс" командаларында өнер көрсеткен.

Оның Instagram желісіндегі парақшасына 31 мың қолданушы жазылған. Киличтің оқырмандары оның спорттағы өмірінен бөлек, сырт-келбетіне ерекше қызығушылық танытады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық теннисші қыз жаңадан танылып келе жатқан әлемдік жұлдыздардың үздік ондығына енді