Выйти
RU

"Нағыз жұлдыз": Индира Еділбаева "Украина дауысы" қазыларын тағы да таңдай қақтырды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы тумасы Индира Еділбаева "Украина дауысы" байқауындағы жолын жалғастыруда. Музыкалық дода қазылары қазақстандық жас әншінің талантына тәнті болып, оның жеңіске әбден лайық екенін атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Индира Еділбаева жұлдызын жаққан "Украина дауысы" байқауында көпшілікті таңдай қақтыруды тоқтатар емес.

29 наурыз күні жас әнші музыкалық сайыстың кезекті кезеңінде тағы да топ жарды. Бұл жолғы өнер көрсетуінде ол италиялық Эрос Рамазоттидің Cose della vita әнін шырқады.

Қазақ қызының таланты қазылармен қатар, студияда отырған барша көрермендерді де тәнті еткен. Олар Еділбаева ән салғанда орындарынан тұра сала билеген. Алматылық арудың украиналық жобадағы өнер көрсетуі Youtube желісінде жарияланды.

Әйгілі жұлдыздар бастаған қазылар алқасы қазақстандық өнерпазға өз мақтау сөздерін жаудырып, оны жеңіске басты үміткер деп атады. Тіпті, әнші Потап болашақта Индираның жанкүйерлерінің бірі болатынын жеткізді.

Настя Каменских пен Монатик те отандасымыздың даусын жоғары бағалап, оған бірінші орынға лайықты екенін жасырмай айтты.

Индира Еділбаеваның жобадағы жетекшісі Дан Балан да жас әртісті барынша мақтап тастады.

Айта кетейік, Индира Еділбаева "Украина дауысы" байқауында бағын сынап, бірінші кезеңнің өзінде-ақ қазылардың барлығын өзіне қаратқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Нағыз жұлдыз": Индира Еділбаева "Украина дауысы" қазыларын тағы да таңдай қақтырды (видео)