Выйти
RU

"Телефон арқылы": Мұрат Қожа бірінші некедегі қыздарымен араласады ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздардың бірі Мұрат Қожа бірінші отбасымен қарым-қатынасын барынша жақсартып жатқан көрінеді. Өнер иесі жақында ғана алғашқы әйелімен бір мәмілеге келгені белгілі болса, енді үш қызымен байланысты ретке келтіруді қолға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Shownewskz" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/aiman_nurazkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aiman_nurazkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мұрат Қожа бірінші некесінде үш қыздың әкесі атанды. Алайда, келіншегімен жолы екіге айырылып, жұлдызды әке бала-шағасымен арасын суытып алған көрінеді.

Бірақ, бірнеше жылдан соң бұрынғы ерлі-зайыптылар бір-бірін кешіріп, бүгінгі күні асқан сыйластық танытып жүр. Шоу-бизнес жұлдызы енді қызғалдақтарымен арақатынасын қалыпқа келтіру үшін барынша тырысып жүрсе керек.

Ол қазіргі таңда бірінші отбасындағы перзенттерімен жүздеспесе де, телефон арқылы сөйлесіп тұратынын айтты. Әнші жанұясына қатысты бар шындықты ашып, жан сырын ақтарды.

"Әзірге телефон арқылы сөйлесеміз. Қыздарым өседі, өздері келеді. Мені түсінеді деп ойлаймын" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мұрат Қожаның бірінші әйелі оған жүрекжарды жазба арнағанын хабарлаған болатынбыз. Әртіске үш қыз сыйлаған келіншектің желідегі сөздеріне қарағанда ол бұрынғы жолдасын кешірген көрінеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Телефон арқылы": Мұрат Қожа бірінші некедегі қыздарымен араласады ма