Выйти
RU

Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамауына алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қамауға алынуына қатысты ақпарат пайда болды. Сот экс-шенеунікті үйқамаққа алу туралы үкім шығарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ысқақво

Қуанышбек Ысқақов. Фото: assembly.kz

Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 28 наурызда Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат берген.

Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Сот өтінішті қанағаттандырып, Ысқақов "үйқамаққа" алынған.

"Үйқамақ" бұлтартпау шарасының 2 (екі) ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген", - деді Қызылорда облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, қаулы әлі заңды күшіне енбеген.

Еске сала кетсек, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Саясаткер Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында кейбір дереккөздердің дергіне сүйене отырып жемқорлықпен күресушілер бұрынғы әкімді ғана емес, оның орынбасарын, сондай-ақ оған туыс болып келетін екі кәсіпкерді де ұстағанын хабарлады.

Алайда бұл ақпаратты ешбір жауапты орган не растап, не жоққа шығармаған еді.

Ал 28 наурызда Қызылорда облысының әкімі қызметіне Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың тағайындалғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамауына алынды