Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысы карантинге жабылады

Опубликовано:

31 наурызда сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысында уақытша карантиндік шектеу шаралары енгізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ақмола
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бұл шаралар өңірдегі вирус жұқтырғандар санын азайту үшін қабылданған. Әсіресе, Целиноград ауданындағы жағдай дабыл қақтырып отыр. Бұл аудан облыс аумағындағы коронавирус ошағына айналған.

Осы кезеңде транзиттік жүк автокөліктері, сонымен қатар облыстың өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тамақ өнімдерімен, дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, өндірістік тауарлармен және материалдармен тасымалдайтын жүк көліктерін қоспағанда, Ақмола облысы аумағына азаматтар мен автотранспорттық құралдардың кіріп-шығуына тыйым салынады.

Шектеу шаралары уақытысында ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, саябақтар, монша кешендері, санаториялық-шипажай кешендері, сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік, автокқлік, зат, құрылыс базарлары, сондай-ақ адам көп жиналатын барлық басқа нысандар қызметін тоқтатады.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тоқтайды. Алайда тәулік бойы тұрғындар үшін жеткізіп беру қызметі қолжетімді болмақ.

Дәріханалар мен дәріханалық нүктелер штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Облыс тұрғындарына аса қажеттілік туындамаса үйден шықпауға, маска мен бірретік қолғап киюге, қолды антисептиктермен өңдеуге кеңес берілген. 65 жастан асқан азаматтар оқшаулану режимін сақтауы керек.

Одан бөлек, облыста карантин режимін енгізу үшін тиісті қызметтердің дайындығы пысықталған.

Аумақтық әскерлердің бөлімшелерін арнайы орналастыру мүмкіндігі дайындалған.

1 500 адамға дейін дайын.

Әскери қызметкерлерді шақыру жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық қорғаныс бригадасының және жергілікті әскери басқару органдарының дайындығын қамтамасыз етті.

Облыс шекарасына кіріберіс жерлерге 8 блок-бекет, ал облыс орталығының шекараларына 12 блок-бекет қою жоспарлануда.

Қылмыстық және қоғамдық-саяси жағдай қиындай қалса шұғыл жоспарлар, сондай-ақ полиция департаментінің қосынды жасағы мен Ұлттық ұланның 5510 әскери бөліміндегі әскери қызметкерлер дайындалған.

Ақмола облысының әкімі Ермек Мәржікпаев азаматтардың құқығын шектегенімен, аталмыш шектеу шараларының маңызды екенін айтты. Өйткені бұл облыс тұрғындарының денсаулығын сақтап, коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін жасалып отыр.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 294 адамға жетті.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның кең тарауына байланысты еліміздің бірнеше қаласында карантин жарияланып, шектеу шаралары күшіне енді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847881-akmola-oblysy-karantinge-zabylady/

pixel