Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еш саспаймын": Ресейлік спортшы коронавирустан қорықпайтынын айтты

Опубликовано:

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері (ММА) Сергей Харитонов РИА Новостиге берген сұхбатында физикалық дайындықты көшеде жасауды жалғастыра беретінін, коронавирустың таралуынан қорықпайтынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото : Twitter Bellator
Фото : Twitter Bellator: Instagram

Айта кетейік, Ресей президенті 30 наурыздан 3 сәуірге дейін елде ешқандай мекеме жұмыс істемесе де, қызметкерлердің жалақысы сақталатыны туралы жарлыққа қол қойған.

Владимир Путин халыққа жолдауында бұл демалыс күндер Ресейде коронавирустың таралуын азайтады деп түсіндірді.

Ал Хоритонов осыған байланысты пікір білдірді.

"Мен өзімді жақсы сезінемін. Қандай үй жағдайы дейсің! Серуендеп жүрмін. Еш саспаймын. Маған бұл қорқынышты емес (коронавирус жағдайы). Шын мәнінде қарт адамдарға қауіпті. Ал бізге, жылқыларға, қарғаларға қорқынышты емес. Физикалық формамды саябақтарда, көшелерде арнайы жаттығуларды жасау арқылы сақтап жүрмін. Мен заң бұзушы емеспін, жай ғана жүгіріп, жаттығу жасадым", - деді спортшы

Бұған дейін Харитонов ауыр салмақтағы Bellator чемпиондық белбеуі үшін жарысқа қатысатынын айтқан болатын.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 726 мың 187 адамға жетті.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Онда COVID-19 инфекциясы 140 мың аса адамнан анықталған.

Қазіргі уақытта АҚШ вирусты жұқтырғандар саны 100 мың адамнан асатын жалғыз ел болып отыр. Бір тәулік ішінде ауырған америкалықтардың саны 16,5 мыңнан аса адамға артқан.

Коронавирусты ең көп жұқтырғандардың арасында Италия екінші орында тұр. Бұл еуропалық елде вирус 97 мыңнан аса адамнан анықталған (тәулігіне 5 мыңнан астам адам жұқтырған).

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847893-es-saspajmyn-resejlik-sportsy-koronavirustan-korykpajtynyn-ajtty/

pixel