Выйти
RU

Алматыда коронавирустың тағы үш ошағы табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирустың тағы 3 жаңа ошағы анықталды. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

коронавир

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомствоның 30 наурыз, 12.00-дегі мәліметіне сәйкес, Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 аймағы белгіленген.

Атап айтсақ, Әуезов ауданында 4 ошақ: Жетісу-2 ш/а, 70а; Мамыр-4, ш/а, 313; №6 ш/а, 35; №1 ш/а, 28 мекенжайлары.

Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы орналасқан. Олар - Заря-Востока ш/а, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ш/а, 7; Ақбұлақ ш/а, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 мекенжайлары.

Алмалы ауданында 3 жұқтыру ошағы: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекенжайларында орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ: Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ш/а, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында 3 жұқтыру ошағы: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ш/а, 45.

Түрксіб ауданында 2 ошақ: Жұлдыз ш/а, 45; Жұлдыз-1 ш/а, 13.

Бостандық ауданында 2 жұқтыру ошағы: Тұрғыт-Озал көшесі, 242; Науаи көшесі, 328.

Наурызбай ауданында 1 жұқтыру ошағы: Береке көшесі 1/97 үй.

Бұған дейін, инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты COVID-2019 ошағының 7 аймағынан шектеу шаралары алынып тасталған болатын.

Еске сала кетсек, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 294-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирустың тағы үш ошағы табылды