RU

Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқасқа байланысты жаңа дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқас Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегінше, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған.

29 наурызда ол індет белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын растады.

Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған.

Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 294-ке жетті. Оның жетеуі Алматы облысында тіркелді.

Айта кетсек, 30-шы наурыздан бастап, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары каратинге жабылды. Ал Ақтау қаласында бірқатар шектеулер күшіне енеді.

31-ші наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай облыстарына кіруге тыйым салынады.

Еске сала кетейік, 19 наурыздан бастап еліміздің ең ірі екі қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған болатын.

Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 28 наурыздан бастап бірқатар шектеу шаралары күшіне енген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқасқа байланысты жаңа дерек шықты