Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

31 наурыздан бастап Жамбыл облысына шектеу шаралары енгізіледі

Опубликовано:

2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00-ден бастап Жамбыл облысы аумағында жаңа шектеу шаралары енгізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

1) Транзиттік автокөлікті, сондай-ақ өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар, өндірістік тауарлар мен материалдарды тасымалдайтын автокөлікті қоспағанда, автокөлік құралдарының барлық түрлерінің Жамбыл облысы мен Тараз қаласының аумағына (аумағынан) келуіне және шығуына тыйым салынады;

2) Ірі сауда орталықтарының (ондағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда), саябақтардың, монша кешендерінің, санаториялық-курорттық объектілердің, интернет-клубтардың, көлік жуу орындары, сұлулық салондарының, шаштараздардың, азық-түлік емес, автомобиль, киім-кешек, құрылыс нарықтарының қызметі тоқтатыла тұрады.Бұл ретте тауарларды жеткізу арқылы өткізу мүмкіндігі сақталады;

3) Бөлшек сауда базарлары санитарлық-дезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады (күніне екі рет дезинфекциялық іс-шаралар өткізу, антисептиктары бар санитайзерлер орнату);

4) Көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік сауда орындары, үй жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады;

5) Қоғамдық тамақтандыру объектілері (кафелер, мейрамханалар, барлар, асханалар және басқалар) азаматтардың ғимаратқа келмей, үй-жайларға тапсырыстарды жеткізу үшін әдеттегі режимде қызмет көрсетуді қоспағанда, жұмысты тоқтата тұрады;

6) Жамбыл облысының тұрғындарына азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, медициналық көмекке жүгіну, сондай-ақ күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз жағдайда тұрғын үйден шығуды шектеу ұсынылады;

7) Адамдар қозғалысы жанұя мүшелерін есепке алмағанда, үш адамнан көп емес топпен шектеу қажет. Кәмелетке толмаған балаларға ересектерсіз жүруге тыйым салынады. 65 жастан асқандар өз-өзін оқшаулау режимін сақтауы тиіс.

8) Облыс тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін полицейлердің, медициналық, авариялық-құтқару және басқа да коммуналдық және шұғыл қызметтердің (жылумен-газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика және т.б.) қызметі шектелмейді.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің ресми ақпарына сәйкес, осыған дейін коронавирустық инфекция дерегі анықталғандықтан, Қордай ауданы аумағына да қосымша шектеу шаралар енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 294- ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847911-31-nauryzdan-bastap-zambyl-oblysyna-sekteu-saralary-engiziledi/

pixel