RU

Алматыда коронавирус жұқтыру дерегінің 97 пайызы сырттан келген

Алматыда коронавирус жұқтыру дерегінің 97 пайызы сырттан келген. Бұл туралы Алматы қалалық Тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі: UGC

Бүгінде Алматыда коронавирус жұқтырудың 73 дерегі тіркелді. Молдағасымованың сөзінше, 13 наурыздан бастап дерттің өршуі үш рет байқалған. Атап айтқанда, бесінші күні - 9 жағдай, 15-күні 16 жағдай және 18-күні 10 дерек тіркелді.

Ал статистикаға келер болсақ, деректердің 97 пайызы сырттан келген, ал 3 пайызы-жергілікті.

"26 сырттан келген дерек, яғни, 26 жолаушы басқа елдерден оралған. Олар өзімен байланысқан 45 адамға ауру жұқтырған, жергілікті екі науқастың да байланысқан адамдары бар. Егер коронавирус жұқтырғандар келген рейстер санын алар болсақ, 40 пайызы Мәскеуден, 23 пайызы Берлиннен, 20 пайызы Санкт-Петербургтен, 17 пайызы Минскіден келген",- деді Молдағасымова.

Оның сөзінше, Алматыдағы науқастардың көп бөлігі 30-39 жас аралығында. Екінші орында 20-29 жастағы адамдар, ал үшінші орында 50-59 адамдар тұр. Науқастар арасында әйелдер үлесі 62,5 пайызды құрайды, ал ер азаматтар үлесі 37,5 пайыз.

Айта кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен президент жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1847941-almatyda-koronavirus-zktyru-deregini-97-pajyzy-syrttan-kelgen.html