Выйти
RU

31 наурыздан бастап Қызылордаға кіруге және шығуға тыйым салынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда коронавирустың тарауына байланысты шектеу шаралары енгізілген қалалар қатарына енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін Қызылорда облысының жаңа әкімі Гүлшара Әбдіхалықова қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлады. Осыған дейін өңірде 318 адам карантинде жатқан еді. Дәрігерлер мен мемлекеттік орган мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

"Сондықтан, олардың еңбегіне құрметпен қарап, қолдау көрсетуге шақырамын. Өңірде COVID-19 жұқтырған 5 қазақстандық анықталды. Аталған жағдай халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң шараларды қабылдауды талап етеді. Қызылорда облысы бас санитар дәрігерінің 2020 жылдың 30 наурызындағы №4 Қаулысына сәйкес, 31 наурыз сағат 00:00- ден бастап барлық автокөлік түрлеріне Қызылордаға (Қызылордадан) кіруге және шығуға тыйым салынады.
Темір жол көлігі қозғалысын шектеу шарасы 1 сәуірден бастап жүзеге асады. Осыған байланысты, қала тұрғындарынан шектеу шараларын ұстануды, қоғамдық орындарда қыдыруды тоқтатуды, үйден шықпай, аурудан оқшаулануды сұраймыз. Қазір кез келген адам ауру жұқтырып алуы мүмкін. Сондай-ақ, шектеу шараларын бұзғандарға заң шеңберінде әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертемін", -деді әкім.

Айта кетейік, 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00-ден бастап Жамбыл облысы аумағында жаңа шектеу шаралары енгізіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
31 наурыздан бастап Қызылордаға кіруге және шығуға тыйым салынады