RU

Алматылықтар жеке автокөліктерімен қалада жүре ала ма: ПД басшысы жауап берді

Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов брифинг барысында алматылықтардың қалада жеке автокөліктерімен қозғалуына байланысты мәселеге тоқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Полиция бастығына облыста тіркелген, бірақ қалада тұратын адамға тәртіп сақшысы тоқтатқан кезде не істеу керектігі туралы сұрақ қойылды.

"Ол полиция қызметкеріне қаладан шығып үлгермегенін түсіндіріп, мекенжайын хабарлау керек. Оған артық сұрақ қойылмайды. Әр жайт жеке-жеке қаралады", – деп жауап берді Таймерденов.

Алматылықтарға жеке автокөліктерімен қозғалуға бола ма деген сұраққа қатысты ПД басшысы бұл шаралардың қаладағы көлік санын азайту мақсатында қабылданып жатқанын атап өтті.

"Бұл мақсатта штаб құрылды және бізге автокөлік санын азайту тапсырылды. Қала сыртында 27 блок-бекет қойылды, қазір қалада тек тұрғындар ғана көлікпен жүр. Оны тоқтату үшін осындай шаралар қабылдадық", – деді ол.

Сондай-ақ полиция басшысы қажетті тауарлар үйдің жанынан табылмаған жағдайда ірі сауда нүктелеріне бармауға кеңес берді. Оның орнына азық-түлікті тапсырыспен үйге алдыруға шақырды.

Полиция департаментінің басшысы шектеу шараларын ескермеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, ал автокөліктері айып тұрағына қойылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін карантин кезінде жұмысқа баратындарға өзімен бірге қандай құжат алып жүру керектігін жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1847945-almatylyktar-zeke-avtoklikterimen-kalada-zre-ala-ma-pd-bassysy-zauap-berdi.html