Выйти
RU

Коронавирустан көз жұмғандарды қалай жерлейді: Алматы бас санитары жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласындағы коронавирус құрбандарын қалай жерлейтінін қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтып берді. Оның сөзінше, жерлеуге арналған аумақ әлдеқашан анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустан көз жұмғандарды қалай жерлейтінін Алматы бас санитарлық дәрігері айтты

Фото: NUR.KZ

"Жерлеудің алгоритмі штабпен бекітілген, науқас көз жұмған жағдайда олар аутопсияға ұшырамайды, денесі дереу дезинфекцияланып, оқшаулау құралы жатқызылады, бұл қорғаныс құралдары болуы да мүмкін

Жерлеудің шектеулі мөлшері де рұқсат етілген. Жерлеуге арналған аумақ анықталды. Сондықтан барлық қажетті қауіпсіздік шаралары да қолданылады, өйткені аса қауіпті инфекция жағдайында бұл стандарттар бар және аса қауіпті инфекциядан қорғау үшін бізде кремация өткізілмейді», – деді Айзат Молдағасымова.

Дәрігер жерлеу аймағының қайда орналасқанын ашып айтпаса да, брифинг соңында ол жердің қала сыртында екенін әрі ол маңда елдімекен жоғын баса айтты. Еске сала кетсек, бүгінгі күні Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны – 1.

Сондай-ақ, елде коронавирус жұқтырғандар саны 294-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустан көз жұмғандарды қалай жерлейді: Алматы бас санитары жауап берді