Выйти
RU

Алматыда үйінен шыққан қала тұрғындарын тексеру үшін 26 блок бекет қойылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы көшелерінде мақсаты қалалықтардың автокөлік қозғалысын тексеруге бағытталған 26 блок бекет қойылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденов блок бекеттер қалалықтардың карантин жариялануына байланысты жаңа енгізілген шектеу шараларын сақтауын бақылауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Таймерденовтің сөзінше, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салып жатқан жоқ, тек түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда, темір тұлпар иесі тағы да тәртіп сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал автокөлік айыппұл тұрағына тәркіленуі мүмкін.

Полиция қызметкерлері көшеде жүрген жаяу жүргіншілерді де тексермек. Егер олар үйден себепсіз шықса, жауапқа тартылады. Ал алматылық итімен серуендеп жүрсе немесе дүкенге бағыт алса, полицейлер онлайн карта арқылы оның үйден қаншалықты алшақ кеткенін анықтай алады. Тұрғындарға үйінен жарты шақырымға ғана шығуға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмаған бала көшеде ерекесектерсіз жүрсе, ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300- ден асты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда үйінен шыққан қала тұрғындарын тексеру үшін 26 блок бекет қойылады