Выйти
RU

"Мұқият таныстым": Тоқаев еліміздегі бизнес өкілдерінің үндеуіне жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі орта және шағын бизнес өкілдерінің үндеуіне жауап берді. Мемлекет басшысы барлық ұсыныстар мен өтініштер сарапталатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мұқият таныстым": Тоқаев еліміздегі бизнес өкілдерінің үндеуіне жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда/архив

Бұл туралы президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жария етті.

"Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Пр. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы қабылданған шешімдерді әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті бойынша жұмыстар аяқталған соң жариялайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекіткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мұқият таныстым": Тоқаев еліміздегі бизнес өкілдерінің үндеуіне жауап берді