Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирустың жаңа 8 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 302-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Coronavirus2020.kz сайтының ресми ақпарынша, елде коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам анықталды, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 адам, Алматы облысында - 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 168 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 302 науқас тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен президент жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді.

Бұған дейін Атырау облысында медицина қызметкерінен коронавирус анықталғанын хабарласақ, бүгін Қызылорда облысында қызмет ететін медбикенің инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асты