Выйти
RU

"Коронавирус біткен соң": Полицейдің қызы әкесіне жантебірентерлік хат жазды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Түлкібас ауданы полициясының басшысы Данияр Мейірхан желідегі парақшасында кішкентай қызы жолдаған хатпен бөлісті. Қарапайым, бірақ жантебірентерлік сөздер жұрттың жүрегін елжіретті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Коронавирус біткен соң": Полицейдің қызы әкесіне жантебірентерлік хат жазды

Данияр Мейірхан. Фото: facebook.com/daniyar.meirkhan

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне және кейбір елді мекендердің карантинге жабылуына, шектеу шараларының қабылдануына байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып келеді. Олардың үйде сағынып күтіп отырған жанұясы бар.

Күндіз-түні ел үшін қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерінің бірі Данияр Мейірхан әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялап, кішкентай қызының жазған хатымен бөлісті.

"Әке, коронавирус біткен соң біз дүкен аралаймыз, құшақтасып ұйықтаймыз. Уәде бересің ғой?",- деп жазған әкесін сағынған бүлдіршін.

Ал тәртіп сақшысы балаларын ұзақ уақыт бойы құшағына қыспағанын айтты.

"Бүгін қызым жіберіпті. Балаларымды құшағыма алмағаныма біраз болды. Мен оларға жақындауға тәуекел еткім келмейді, себебі өңірімізге келіп жатқандармен бекетте байланыс жасаудамын. Оның үстіне жұмыста да күшейтілген күн тәртібінде болғандықтан, уақыт жоқ. Мен де осы індеттің тезірек тоқтағанын қалаймын. Жаратқан ием осы пандемияны аман-есен жеңіп шығатын күш берсін. Еліміз де бұл соққыға шыдамды болсын",- деп жазды ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Коронавирус біткен соң": Полицейдің қызы әкесіне жантебірентерлік хат жазды