Выйти
RU

Польшадан келген соң карантинге жатудан бас тартқан СҚО тұрғыны жазаланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында үй карантиніне алынған ер адам талапты бұзғаны үшін жауапқа тартылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Польшадан келген соң карантинге жатудан бас тартқан СҚО тұрғыны жазаланды

Көрнекі фото: NUR.KZ

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 наурыз күні Тайынша ауданының 36 жастағы тұрғыны Польшадан келген. Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда ол 14 күн үй карантинінде отыруға қолхат берген.

Алайда елді мекенге келісімен-ақ кәсіпкер бірден өзінің сауда орнына барыпты. Бұл жайында білген Киров ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы онымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, төтенше жағдай режимін бұзғандарға қолданылатын жауапкершілік жайында түсіндірген.

Ауыл тұрғыны карантинді сақтауға уәде беріп, Тайынша қаласындағы көпбейінді аудандық ауруханаға барған. Бірақ ол жерде дәрігерлерден өзінің ауырмайтындығы жөнінде анықтама беруді талап еткен.

Медицина қызметкерлері кәсіпкерді Чкалов елді мекеніндегі карантиндік ауруханаға орналастырып, онда 28 наурызға дейін болған.

Карантиннен шығарылғаннан кейін оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол белгілі бір мекенді, үйді, пәтерді белгілі бір уақытқа дейін тастап шыға алмайды.

Заңды бұзған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Қазір осы оқиғаға байланысты жиналған материал сотқа беру үшін дайындалып жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Польшадан келген соң карантинге жатудан бас тартқан СҚО тұрғыны жазаланды