Выйти
RU

Токио Олимпиадасын 2021 жылға ауыстырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылға белгіленген Токиода өтуге тиіс болған Олимпиаданы коронавирус қаупі салдарынан бір жылға шегерді. Олимпиада ойындары 2021 жылы өткізілмек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pxhere

Көрнекі фото: Pxhere

Осымен екі ай бойы Токиодағы Олимпиаданың өтпей қалуына қатысты пікірталастар тоқтамай жатыр. Бұл жағдайдың орын алуынан ұйымдастырушы комитет те, Жапония билігі мен телевизия өкілдері де қорыққан болатын. Наурыз айының басында тіпті, спорттық жарысты жанкүйерлерсіз өткізу жағдайы талқыланды. Дегенмен бұл мәселе шешімін тапты.

Анықталғандай, Токио Олимпиадасы өтетін болды. Спорттық дода 2021 жылдың 23 шілдесінде басталмақ. Бұл күні шараның ашылу салтанаты өтеді. Паралимпиада 24 тамызда басталатын болады.

Олимпиада сегізінші тамызда, Паралимпиада сегізінші қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда. Ойындарды кейінге шегеру жөніндегі сұрақ үш тараптың (ХОК, "Токио-2020" ұйымдастырушы комитеті мен жапониялық билік) қатысуымен ұялы телефон байланысы арқылы шешілген. Үш тараптың өкілдердің талқысы бір апта бұрын орын алған. Алайда, нақты шешім енді ғана хабарланып отыр. Бұл туралы NHK мәлімдеді.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 24 шілде мен тоғызыншы тамыз аралығында өтуі тиіс еді. Алайда, коронавирус пандемиясы салдарынан спорттық шараны шегеруге тура келді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Токио Олимпиадасын 2021 жылға ауыстырды