Выйти
RU

Біртанов: Мемкомиссия республика бойынша карантиндік шараларды күшейтуді шешті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұлттық телеарналар эфирінде маңызды мәлімдеме жасады. Министрлік басшысы еліміздегі коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғаларын азайту мақсатында республика бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағыдай карантин енгізу мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елжан Біртановтың сөзінше, Қазақстан бойынша карантин режимін күшейту туралы шешімді мемлекеттік комиссия қабылдаған. Қатаң карантиндік шаралар енді Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ғана емес, басқа өңірлерге де енгізілмек.

Министр карантин режимі еліміздегі коронавирус тарауының себебінен аса қажет екенін атап өтті. Анықталғандай, жұқтырудың 90% отбасы мүшелері, туысқандар, достар мен әріптестер арқылы орын алады. Ал қоғамдық орындарда вирусты жұқтыру жағдайлары тек 10% құрайды.

"Дәл осы үшін карантинді күшейту шаралары Нұр- Сұлтан мен Алматы қалаларымен шектелмей, еліміздің барлық өңірлерін қамтымақ. Мемкомиссия бүгін осындай шешім қабылдады. Карантин режимі еліміздің барлық аумағына енгізіду керек" , - деді Біртанов.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирусты жұқтыратын адам саны 3500-ден аспайтынын мәлімдеген болатын. Министрлік басшысы індеттің шарықтау шегі сәуір айында күтілетінін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов: Мемкомиссия республика бойынша карантиндік шараларды күшейтуді шешті