Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайы барлық халықаралық рейстерін тоқтатты

Опубликовано:

Оңтүстік астана әуежайы барлық халықаралық маңызы бар рейстерін уақытша тоқтатады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Алматы әуежайы бірінші сәуірден сағат 00:00-ден бастап, барлық халықаралық және эвакуациялық рейстерін тоқтатады. Бұл туралы оңтүстік астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаусылына сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірі сағат 00.00-ден бастап, Алматы қаласында халықаралық әуе рейстері тоқтатылады" , - делінген хабарламада.

Бұл шара Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жасалынып отыр.

Енді оңтүстік астана әуежайындағы барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылатын болады.

«Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ осы қаулыны орындау үшін тиісті шаралар қабылдап, оның орындалуын бақылау Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерге жүктеледі. Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус жағдайына байланысты болжам жасаған болатын. Министр елімізде қауіпті вирусты жұқтыратын адамдар саны 3500-ден аспайтынын мәлімдеді

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848011-almaty-uezajy-barlyk-halykaralyk-rejsterin-toktatty/

pixel