Выйти
RU

Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар 308-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған - 5 адам, Акмола облысында - 1 адам тіркелді. Осылайша, елімізде індетке шалдыққандардың саны 308-ге жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

31 наурыз сағат 00:10-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Акмола облысында - 1 адам.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 173 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 308 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус жағдайына байланысты болжам жасаған болатын. Министр елімізде қауіпті вирусты жұқтыратын адамдар саны 3500-ден аспайтынын мәлімдеді

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар 308-ге жетті