Выйти
RU

Шымкент қаласына ертеңнен бастап кіріп шығуға тыйым салынбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарға жолдаған үндеуінде қалаға көліктердің кіріп шығуына тыйым салынатын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Шымкент қаласында індет жұқтырған 2 адам тіркеліп, бір елді мекен карантинге жабылды. Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. Бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр.

Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Біріншіден, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады.

Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Екіншіден, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперде тағу режімін енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті",- деді Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус жағдайына байланысты болжам жасаған болатын. Министр елімізде қауіпті вирусты жұқтыратын адамдар саны 3500-ден аспайтынын мәлімдеді

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент қаласына ертеңнен бастап кіріп шығуға тыйым салынбақ