Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған Алматы облысындағы жүкті әйел жағдайы туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясын жұқтырған жүкті келіншек жағдайы туралы айтып берді. Алматы облысының тұрғыны шамамен бір апта бұрын АҚШ-тан ұшып келіпті. Одан қауіпті індет екінші рет тексергенде ғана анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тоғжан Айтбай есімді жүкті әйел телеарна тілшісіне барлық мән-жайды баяндап берді.

"Біз 25-і күні Мәскеуден ұшып келдік. Негізі, біз АҚШ-тан шықтық. Алматыға ұшып келдік. Сол кезде бізден бірінші тест алды. Ұшып келген бойда барлық жолаушылардың бәрінен алды. Сол ауруханаға барып тест алды, 24 сағат жаттық. Біздің тестіміз теріс болып шықты. Нәтижесін білетін күні ешқандай жөтел де, тамағым ауырғаны да болған жоқ. Оның бәрі қайтып кетті", - деді ол.

Аяғы ауыр келіншек оғаш хабарды алғаш естігенде қатты абыржығанын жеткізді.

Ол қазіргі уақытта өзін қалыпты сезінетінін жасырған жоқ.

Телеарна мәліметінше, Тоғжан Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Оның бала көтергеніне төрт ай болған.

Дәрігерлердің бақылауында жатқан жүкті келіншек тек ағзасының иммунитетін көтеретін дәрі қабылдап жатыр екен. Оның айтуынша, өзінің де, іштегі баласының да денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Дерекөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 308-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған Алматы облысындағы жүкті әйел жағдайы туралы айтты