Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирус инфекциясын таратуы мүмкін үйсіз азаматтар іздестірілуде

Опубликовано:

Алматылық шенеуніктер үйсіз азаматардың жоғалып кеткеніне алаңдаулы. Мегаполисте карантин енгізілгеннен бері қала көшелерінде қайыр сұраушылар мен мекенжайы жоқ азаматтар көзден таса болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмысшылар тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болжам бойынша, тұлғалардың бұл санаты инфекция таратушысы болуы мүмкін. Шенеуніктер қайыр сұраушылардың қайда екеніне нақты жауап бере алмай отыр. Бірақ, әкімдік олар үшін жеке ғимарат дайындап, қосымша төсек-орындар әзірлеп қойғаны белгілі.

Алматы бейімдеу орталығының директоры Харсан Таранов қала әкімшілігінен Көксай ауылында 20 төсек бөлінгенін мәлімдеді.

"Егер бізге жүгінсе, тексеріп, қабылдаймыз. Карантинге дейін жүгінетін, барлығын қабылдайтынбыз", -деді ол.

Қазіргі уақытта мегаполистегі бейімдеу орталығында 120- дан аса адам жатыр. Олардың барлығы тексерілуге келіп, оқшауланды. Одан бөлек, мекеме аумағында күшейтілген режим іске көшті: бөтен адамдарға кіруге тыйым салынды. Әлеуметтік жұмысшылардың мобильді тобы үйсіз жүрген азаматтарды іздеуді жалғастырып жатыр.

Телеарна хабарламасында сәйкес, мамандар күнделікті үйсіз азаматтар жасырынуы мүмкін қаңырап бос тұрған ғимараттарды, қала саябақтарын, жергілікті жылужолдарын аралайды. Әзірге іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ. Мемлекеттік қызметкерлер үйсіз азаматтар маусымды жұмыс табу үшін қаладан шығып кетуі мүмкін деп болжап отыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848045-almatyda-koronavirus-infekciasyn-taratuy-mmkin-jsiz-azamattar-izdestirilude/

pixel