RU

"Мені енді ештеңе ала алмайды": Собчак коронавирусты қалай жеңгенін айтты

Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак адам шошырлық мәлімдеме жасады. Тележүргізушінің айтуынша, ол бұған дейін коронавируспен ауырып, жазылып шыққан көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta сайтына сілтеме жасап.

Собчак коронавируспен ауырып жазылғанын мәлімдеді
Фото: instagram.com/xenia_sobchak: UGC

Ресейлік жұлдыз бастан өткен оқиғасы жайлы күйеуі режиссер Константин Богомоловпен бірге Instagram парақшасындағы тікелей эфир барысында егжей-тегжейлі баяндады.

Видеода Собчак "бұған дейін коронавируспен ауырғанын" айтып, осы оқиғадан соң енді ештеңеден қорықпайтынын жасырмады.

"Мен коронавируспен бұрын ауырып айықтым... Мені енді ештеңе ала алмайды. Желтоқсанның басында осы аурудан мұрттай ұштым, орнымнан тұра алмадым. Бұл зұлым дертке дейін ешқашан ауырмап едім", – деді Ксения Собчак.

Тележүргізуші тіпті дәрігер қойған диагнозды айтты – "атипиялық пневмония". Диагностикадан өткен соң, журналиске дәрілер жазып берген.

Одан бөлек, Собчакта аурудан кейінгі асқыну пайда болған көрінеді. Мәлімдемеге сәйкес, дауысын жоғалтып алған екен.

Кейін дәрігерлердің көмегімен қайта қалпына келтірген. Тележүргізуші өзіне түтікше арқылы адреналин салынғанын да ашып айтты.

Сондай-ақ режиссердің парақшасында Ксения Собчактың коронавируспен қалай күресіп жатқаны жайлы видеолар бар. Айтуынша, оған массаж бен сарымсақ көмектеседі екен.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848062-meni-endi-estee-ala-almajdy-sobcak-koronavirusty-kalaj-zegenin-ajtty.html