RU

Нұр-Сұлтан әуежайында барлық рейс тоқтатылмақ

Нұр-Сұлтан әуежайы барлық рейстердің келуін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шара халықаралық жоспарлы және эвакуациялық жолаушылар рейстеріне әсер етеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

2020 жылғы 1 сәуір сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі тоқтатылатын болады.

Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысында айтылған.

"2020 жылғы 1 сәуір сағат 00.00-ден бастап барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің Нұр – Сұлтан халықаралық әуежайы мен Алматы халықаралық әуежайына ұшып келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылсын", - делінген қаулыда.

Халықаралық жолаушы әуе рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына бағытталады.

Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус жағдайына байланысты болжам жасаған болатын. Министр елімізде қауіпті вирусты жұқтыратын адамдар саны 3500-ден аспайтынын мәлімдеді

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848066-nr-sltan-uezajynda-barlyk-rejs-toktatylmak.html