Выйти
RU

Хайп үшін видео түсірген 22 жастағы алматылық жігіт тұтқындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы полицейлері "кәуап пісіру" туралы видео таратқан азаматты қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Алматы ПД

Фото: Алматы ПД

Осыған дейін желіде алматылықтардың тұрақтағы көлік маңында кәуап пісіріп жатқан видеосы пайда болған еді. Полиция видеодағы азаматтарды жауапқа тартуға уәде берген.

Бүгін интернет алаңына мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылары тәртіп бұзғандарды қолға түсіргені белгілі болды. Бейнеролик әдейі түсірілгені анықталды.

"Тәртіпбұзушылықты түсірген оператордың өзі от жаққандардың серіктесі болып шықты, олар видеоны хайп үшін таспалаған. 22 жастағы ұйымдастыршы өз ісін мойындап, олар кәуап пісіріп жатқандай кейіп танытқанын мойындады", -деді Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Қазір азамат үш құқықбұзушылық: кіші бұзақылық, ТЖ режимі ережесін бұзу және көлік құралын тиісті емес жерде тоқтату бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Өндіріс материалдары сотқа жіберіліп, нәтижесінде құқықбұзушы 15 тәулікке қамалды.

Алматылық өз ісі үшін қоғам алдында да кешірім сұрады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында құқық қорғау органдары қызметкерлері елде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, қызының құрметіне той ұйымдастырған қазақстандықты анықтап, жауапкершіліккке тартты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хайп үшін видео түсірген 22 жастағы алматылық жігіт тұтқындалды