Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қай өңірлерге карантин мен шектеу шаралары енгізілді

Опубликовано:

Бүгін, 31 наурыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті. Індеттің таралуын тоқтату мақсатында еліміздегі көптеген қалалар мен облыстарда COVID-19 вирусына шалдыққандардың санын азайтуға бағытталған ерекше шаралар мен карантин режимі енгізілді. Назарларыңызға бүгінгі күні шектеулер орнатқан өңірлердің тізімін ұсынамыз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Қазақстандағы коронавирустың алғашқы екі оқиғасы 13 наурыз күні Алматыдан анықталды. Екі азамат оңтүстік астанаға Германиядан ұшып келген. Оған қоса, инфекция дәл сол күні Миланнан Нұр-Сұлтанға келген келіншектен табылғаны белгілі болды.

Кейін қауіпті вирусты жұқтырғандарды саны күн сайын көбейе түсті. Нәтижесінде президент елімізге 16 наурыз күні сағат 8:00-ден бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. Бұл режим инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған бірқатар шектеу шараларын қамтыды.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусына шалдыққандардың саны 27 адамға жеткенде қос қалаға карантин енгізу шешімі қабылданды. Аталмыш режим 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Оған сәйкес, ірі мегаполистерге кіріп-шығу мәселесі шектелді. Алайда, ел тұрғындарына 22 наурызға дейін өз қалаларына қайтып үлгеруге 72 сағат берілді. Сондай-ақ басқа өңірлерде тұратын азаматтарға тұрғылықты мекен жайына оралу үшін де сол уақыт белгіленді. Еліміздің басты екі қаласы толығымен жабылды. Алматы мен Нұр-Cұлтанның ішіндегі өмір де жаңа ережелерге сай жаңартылды.

20 наурыз күні коронавирусты жұқтырудың екі жаңа оқиғасы Қарағанды қаласында тіркелді. Олар Минск қаласынан ұшып келген. 21 наурызда инфекция Алматы облысынан анықталды. Оның ертесіне Ақтөбе облысында да коронавирус жұқтырған адам табылды. 24 наурызда COVID-19 Шымкентте, Жамбыл облысы мен СҚО-дан шыққан.

26 наурыз күні жұқтыру оқиғалары ең көп Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы карантин режимі 28 наурыздан бастап күшейтілтіні белгілі болды. Жаңа шектеулер Шымкент қаласында да қарастырылды.

Сол күні Қазақстанда коронавирустан болған алғашқы өлім тіркелді. Қауіпті вирус салдарынан Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны қайтыс болған. Ол Қосшы кентінде тұрған.

27 наурыз күні инфекция Атырау облысынан шығып, ары қарай тарай бастады. Жұқтыру оқиғалары тек Түркістан мен Қостанай облыстарында тіркелген жоқ.

Билік өкілдері жаппай карантиндік шектеулер енгізе бастады. 28 наурызда Ақтауда жүруге шектеу қойылып, қала карантинге жабылатыны белгілі болды. Ерекше режим 30 наурыздан бастап күшіне енді.

30 наурыздан бастап Қарағанды, Абай, Сарань, Теміртау мен Шахтинск қалалыр да карантинге жабылды. Ұқсас режим Атырауда да енгізілді.

30 наурызда БҚО-ға бағытталған жолаушылар тасымалы тоқтатылса, 31 наурыз күні өңірде карантиндік шаралар кұшейтілді. 31 наурыздан бастап, Қостанай мен Ақтөбе облыстарының аумағына кіру шектелді.

Ақмола облысында карантин бүгін сағат 19.00-ден бастап іске қосылады. Жамбыл облысында шектеу шаралары бүгін сағат 00:00-де күшіне енді. Дәл осы уақыттан бастап Қызылорда қаласы да жабылды.

Оған қоса, бүгін сағат 21.00-ден бастап, Шымкент қаласына кіріп-шығуға қатысты шектеу енгізіледі.

Павлодар облысында шектеулер бірінші сәуірден басталады.

Бірінші сәуірден бастап, Алматы облысы мен СҚО-да шектеу шаралары күшейе түспек.

Нәтижесінде Қазақстан бойынша карантин режимі Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Карағанды, Абай, Сарань, Теміртау, Шахтинск және Ақмола облыстарында енгізілді. Бірқатар өңірлерде шектеу шаралары іске қосылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848081-kazakstanda-kaj-irlerge-karantin-men-sekteu-saralary-engizildi/

pixel