Выйти
RU

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқастың Мысыр елінен келгені анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған үшінші науқас туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, індетті жұқтырған ер адам 13-19 наурыз аралығында Мысырда болып, 19 наурызда Алматыға келген.

Науқас Алматыдан 20 наурыз күні Ақтөбеге ұшып келіп, үй карантиніне алынғаны белгілі болды.

Ал 29 наурыз күні ер адамның қызуы көтеріліп, тамағы ауырып, жедел жәрдем шақырған.

"Одан бірден анализ алынып, індет анықталды. Инфекциялық ауруханада арнайы боксқа жатқызылды. Үйіндегі анасы да провизорлық госпитальге жатқызылды, Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ем қабылдап жатыр", - деді Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, бортта онымен бірге 21 адам болған. Байланыста болғандардың барлығы анықталыпты.

"Ұшып келген кезде одан анализ алынды. Бірақ теріс нәтиже көрсетті. Арада уақыт өткенде вирус белгісі көрінді", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус жағдайына байланысты болжам жасаған болатын. Министр елімізде қауіпті вирусты жұқтыратын адамдар саны 3500-ден аспайтынын мәлімдеді

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқастың Мысыр елінен келгені анықталды