RU

Қызылордада коронавирусты кеш анықтау фактісіне қатысты тергеу жүргізілмек

Бүгінде Қызылорда облысында COVID-19 жұқтырған сегіз адам тіркелген. Өңірдегі алғашқы пациент Оңтүстік Кореядан 1 наурыз күні келгенімен, коронавирус жұқтырғаны тек 28 наурыз күні белгілі болды. Осыған байланысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz: UGC

28 наурыз күні шет елден келген қызылордалық тұрғын бірден оқшауланғаны анықталды. Көп ұзамай келіншек үйіне жіберілген. Бірақ ол өзін 27 наурыз күні жайсыз сезініп, ақ халаттыларға жүгінген. Одан алынған анализ нәтижелері коронавирустық инфекция жұқтырғанын көрсеткен.

Көп ұзамай қазақстандық азаматша медициналық мекемеге жатқызылды. Оның жағдайы орташа дәрежеде ауыр. Ол жөтелге, дене қызуының көтерілуі мен тамақ жыбырлауына шағымданған.

Келіншекпен байланысқан 30 тұлға анықталды. Аталған жағдайға байланысты өңірдің жаңа әкімі Гүлшара Әбдіхалықова пікір білдірді.

"Коронавирус" диагнозы қойылған бірінші науқасқа қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі және қатерлі дерт белгілерінің кеш анықталуының себебі тексеріледі", - дейді облыс әкімі.

Айта кетейік, соңғыи деректерге сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясына жұқтырғандар саны 325-ке жетті. Олардың сегізі Қызылорда облысында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848098-kyzylordada-koronavirusty-kes-anyktau-faktisine-katysty-tergeu-zrgizilmek.html