Выйти
RU

Елордада карантинге бағынбаған көлік жүргізушілерін "Сергек" жазалайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы елордадағы қатаң карантиндік режимнің енгізілуі туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ержан Сәденовтің айтуынша, полиция қызметкерлері "Сергек" камералары арқылы жүргізушілер мен көліктердің деректерін және олардың "үй-жұмыс" бағыты бойынша бағдарын базаға енгізді.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы өз бағдарын бұзғандар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Осы орайда ол қаладағы карантин режімі талаптарын сақтауға шақырды.

"Құметті елорда тұрғындары! Карантин режімі кезінде үйден шықпауларыңызды талап етеміз", - деді Сәденов.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша карантин режимі Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Карағанды, Абай, Сарань, Теміртау, Шахтинск және Ақмола облыстарында енгізілді. Бірқатар өңірлерде шектеу шаралары іске қосылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада карантинге бағынбаған көлік жүргізушілерін "Сергек" жазалайды