Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Осылайша, елімізде қайғылы жағдай дерегі 2-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Бір ай бойы ауырған ол медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарлармен байланысты болған.

Жанұясы мен әріптестері арасында науқаспен байланысқан 31 адам ауруханаға жатқызылды.

Ал марқұмнан коронавирус жұқтыруы мүмкін тағы 55 тұлға үй карантиніне жіберілді.

Бүгінде науқас жанұясының екі мүшесінен де коронавирус инфекциясы анықталды.

Елорда денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, қазір Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың 175 дерегі тіркелген, 159-ы ауруханада емделіп жатыр. Бүгін тағы бір науқас жазылып шықты. Осылайша, Нұр-Сұлтанда 15, елімізде 22 адам дерттен айықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848103-kazakstanda-koronavirustan-tagy-bir-adam-kz-zmdy/

pixel