Выйти
RU

Қазақстанда вирус жұқтырушыларды емдеген екі медбике осы дертке шалдықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда екі медбике науқастардан коронавирус инфекциясын жұқтырып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

елімізде

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы еліміздегі COVID-19 туралы шұғыл әрі ресми ақпарат тарататын штабтың Telegram парақшасында белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің инфекцияны жұқтырып алуына иммунитеттерінің төмендеуі себеп болып отыр.

Айта кетсек, бұған дейін Қызылорда облысы мен Атырау облысында медициналық қызметкерден коронавирус табылғаны хабарланды.

Сондай-ақ, елімізде коронаврустан көз жұмған әйелді тасымалдаған жедел жәрдем жүргізушісінен де коронавирустық инфекция анықталды.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда аталмыш вирустан екінші науқас көз жұмды.

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген.

Бір ай бойы ауырған ол медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарлармен байланысты болған. Жанұясы мен әріптестері арасында науқаспен байланысқан 31 адам ауруханаға жатқызылды.

Ал марқұмнан коронавирус жұқтыруы мүмкін тағы 55 тұлға үй карантиніне жіберілді. Көп ұзамай науқастың жанұясының екі мүшесінен де коронавирус инфекциясы анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда вирус жұқтырушыларды емдеген екі медбике осы дертке шалдықты