Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин кезінде ғашық болып, алғашқы кездесу ұйымдастыра алған жігіт көпті тәнті етті

Опубликовано:

Бір-бірін карантин кезінде тапқан нью-йорктық қос ғашық көпшілікті махаббат хикаясымен таңғалдырды. Тіпті, олардың алғашқы кездесуі 5 миллионнан астам адамды қызықтыра алған деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Карантин кезінде ғашық болып, алғашқы кездесу ұйымдастыра алған жігіт көпті таңғалдырды
Фото: instagram.com/toricigs, instagram.com/jermcohen: UGC

Джереми кәсіби фотограф, алайда каратинге байланысты үйде оқшаулануға мәжбүр. Бір күні ол көрші үйдің шатырында билеп жүрген бойжеткенді көріп, ғашық болып қалған.

Bored Panda басылымының мәліметінше, ол қызбен амандасып, алыстан қол бұлғаған бойжеткенде өз кезегінде оған жауап қатқан.

Бір жылдан бері ешкіммен қарым-қатынас құрмаған жігіт бұл мүмкіндікті жіберіп алмау үшін, бойжеткенмен танысуға шешім қабылдайды.

Джереми қағазға өзінің ұялы телефон нөмірін жазып, дрон арқылы оны бейтаныс аруға жеткізген. Ал бойжеткен Джеремиге жауап беріп, өз есімін жазып жіберген. Сол сәттен бастап Тори мен Джеремидің махаббат хикаясы басталады.

Жігіт ғашығын алғашқы кездесуге шақырмақ болып, оған үйдің шатырына кішігірім үстел, гүл, тамақ және шарап әкелуін сұрапты.

Ал өзі көрші үйдің шатырына шығып, дәл осындай дастархан жайған. Ол ғашығына: "Сен бүгін керемет болып тұрсың" деп те айқайлаған. Содан кейін екеуі де кеш бойы ұялы телефон арқылы тілдескен.

Осыдан кейін қос ғашықтың махаббат хикаясы әлеуметтік желілерге тарап, 5,6 млн қаралым мен 390 мың лүпіл жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайда эвакуация кезінде бір-бірін ұнатып қалып, кездесе алмай жүрген қос ғашық жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848111-karantin-kezinde-gasyk-bolyp-algasky-kezdesu-jymdastyra-algan-zigit-kpti-tnti-etti/

pixel