Выйти
RU

Нұр-Сұлтан қаласына кімдер қандай жағдайда кіріп-шыға алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорда басшысы қала маңындағы блок-бекеттерде қандай жұмыстар істеліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл шаралар қалаға коронавирустың жаңа деректерін кіргізіп, не шығармау үшін қабылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

кіріп-шығу

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қала маңына блок-бекеттер қойылғаны белгілі. Алайда қалалаықтар арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақша беріп, қалаға кіруге және шығуға болады деген қауесет тараған.

БАҚ өкілдері бұл әңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

Тілшілер сауалына жауап берген Алтай Көлгінов қалаға заңды түрде кіруге болатынын айтты. Осы ретте ол бекеттен заңсыз өтпек болғандардың қатаң жазаға тартылатынын еске салды. Әкім мысал ретінде 50 мың теңгеге блок-бекеттен адам өткізбек болған таксистің оқиғасын келтірді.

"Ол өте алмады және оның үстінен іс қозғалды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды. Басқа да өтуге тырысқандармен біздің полицейлер жұмыс істеп жатыр. Бізге дрондар көмектесуде. "Сергек" камералары бақылауда. Барлығы қатаң бақылауда", - деді Көлгінов.

Сонымен бірге, оның сөзінше, қалаға кіріп-шығудың бірнеше заңды жолы бар. Мәселен, азық-түлік тасымалдайтын көліктер үшін "жасыл дәліз" ұйымдастырылған.

Іс сапарда болғандар, Нұр-Сұлтаннан басқа жеке себептермен, отбасылық жағдаймен шыққандар кіре алады.

"Өмірде әртүрлі жағдай болады. Мысалы, қандай да бір туысы ауырып немесе қайтыс болса, арнайы салынған тыйыммен қалаға кіргізіп, шығарамыз", - деді қала басшысы.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтандағы карантинді бұзғаны үшін 86 тұрғын қамауға алынғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан қаласына кімдер қандай жағдайда кіріп-шыға алады