Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көз жұмған азаматтың жақындарынан коронавирус анықталды

Опубликовано:

COVID-19 вирусынан көз жұмған елордалық тұрғынның жақындарынан коронавирус анықталды. Екі адамның сынамасы оң нәтиже көрсетіп, олардың инфекция жұқтырып алғаны расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: U.S. Navy via Getty Images Read
Көрнекі фото: U.S. Navy via Getty Images Read: UGC

Бүгін, 31 наурыз күні елімізде коронавирус салдарынан екінші науқас көз жұмды. Қайтыс болған азамат 50 жаста болған. Ол жұмыс бабымен жиі іссапарларға шығып тұрғандықтан қауіпті вирусты солардың бірінде жұқтырып алған болу керек.

Белгілі болғандай, ер адам бір ай бойы ауырғанына қарамастан, дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Нәтижесінде, оны тек он күн бұрын ғана ауруханаға жатқызды. Алайда, оны құтқара алмады. Марқұммен байланыста болған 30 адамның барлығы аурухананың карантиніне жатқызылды.

Қазіргі таңда, коронавирустан қайтыс болған азаматтың екі жақын адамынан COVID-19 инфекциясы анықталды. Сонымен қатар, марқұм байланысқан тағы 55 адам оқшауланып, үй карантинінде жатыр.

Еске сала кетейік, бүгінде елордада коронавирус жұқтырудың 175 оқиғасы тіркелді. Нұр-Сұлтанда қауіпті індеттен 15 адам жазылып шықты.

Қазіргі таңда еліміз бойынша COVID-19 вирусына 325 адам шалдықты. Ауруханадан 22 адам шығарылды. Коронавирус осымен екі отандасымыздың өмірін қыршынынан қиды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848128-nr-sltanda-kz-zmgan-azamatty-zakyndarynan-koronavirus-anyktaldy/

pixel