Выйти
RU

Атырауда коронавирус жұқтырған 13-ші адамға қатысты дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Атырау облысында коронавирус жұқтырудың 13-ші оқиғасы тіркелгені белгілі болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде KAZ.NUR.KZ.

Атырауда коронавирус жұқтырған 13-адам жайлы не

Көрнекі фото: pixabay.com

Аймақтық байланыс қызметінің мәліметтері бойынша, әйелде диагноз расталды. Ол 49 жаста. 21 наурызда Атырауға Алматыдан ұшақпен ұшып келді. Қазір науқас оқшауланылды. Ол өзін ашар сезінбейді. Жағдайы тұрақты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ талдаулары оң нәтиже көрсеткен 325 адам анықталды.

Ауырғандардың басым бөлігі елордада - 175 және Алматыда - 82 жағдай. Атырау облысында алғаш рет COVID-19 жұқтырған үш адам 27 наурызда табылды.

30 наурыздан бастап облыс орталығы карантинге жабылды.

Бүгін Қазақстанда қауіпті инфекциядан екінші өлім-жітім туралы мәлім болды. Көз жұмған ер адам 50 жаста болған. Оқиға Нұр-Сұлтанда тіркелген. Аурудан қайтыс болған екінші адамның қызметі іссапарлармен байланысты болған.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус жағдайына байланысты болжам жасаған болатын. Министр елімізде қауіпті вирусты жұқтыратын адамдар саны 3500-ден аспайтынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда коронавирус жұқтырған 13-ші адамға қатысты дерек шықты