Выйти
RU

Қызылордада соңғы тіркелген төрт науқас вирусты қайдан жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 9 адамға жетті. Бүгін 4 адамның вирус жұқтырғаны нақтыланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірде коронавирус инфекциясы бойынша 9 жағдай тіркелген.

Бүгін зертханалық сынама негізінде тағы 4 адамнан індет анықталғаны белгілі болды.

"Олардың барлығы бұдан бұрын тіркелген науқастармен қарым-қатынаста болған. Бұл азаматтар соған байланысты карантинге алынып, оқшауланған болатын. Олардан алынған зерттеу оң нәтиже көрсетті. Науқастар стационарға, ем алу мақсатында жатқызылды.
Аталған азаматтармен қарым-қатынаста болуы мүмкін адамдардың тізімі нақтыланып жатыр. Алдағы уақытта ол азаматтар да оқшауландырылады. Бүгінгі таңда облыстың ауруханаларында ем алып жатқан науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдеу жалғасуда", – деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша, 325 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада соңғы тіркелген төрт науқас вирусты қайдан жұқтырған