Выйти
RU

Өскемен мен Семейде 2 сәуірден бастап шектеу шаралары енгізіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскемен мен Семейде 2020 жылдың 2 сәуірі сағат 00.00-ден бастап шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

семей

Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы өңір тұрғындарына үндеу жасады. Ол облыс аумағына енгізілетін шектеу шаралары жөнінде айтып берді.

Оның сөзінше, 2 сәуірден бастап шектеу шаралары күшіне енеді және ол Мемлекеттік комиссиямен келісілген.

Облыстық орталық маңына 15 бекет қойылып, қалаға кіріп-шығушыларға тосқауыл болады.

Қала көшелерінде де автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылып, түнде мүлдем тыйым салынады.

Тек қызметтік көліктер ғана еш кедергісіз қозғала алады. Сондай-ақ автобустардың қозғалысы да азайтылады.

Өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерін алдын ала бекітілген кесте бойынша тасымалдайды. Ал 6 сәуірден бастап Өскемен мен Семейде көлік қозғалысы шектеледі.

Тұрғындардың тек дәріханаға шығуына болады. Аурухана мен азық-түлік дүкендеріне арнайы рұқсаты болса ғана шығады.

2 сәуірден бастап барлық ірі сауда үйлерінің жұмысы тоқтайды. Бұл азық-түлік дүкендеріне қатысты емес.

Ал қоғамдық тамақтану орындары онлайн-режимде, жеткізіп беру қызметімен жұмыс істейді.

ШҚО әкімі қарт кісілерді үйден мүлдем шықпауға шақырды. Сондай-ақ Ахметов қажетті тауарлардың тегін жеткізілетініне уәде берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскемен мен Семейде 2 сәуірден бастап шектеу шаралары енгізіледі