Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирусқа байланысты оқу жылы ұзартыла ма

Опубликовано:

Коронавирусқа байланысты елде ТЖ режимі мен карантин енгізілуіне орай оқушылар көктемгі демалысқа ерте шыққан болатын. Осы орайда білім және ғылым министрлігі елде оқу жылы ұзартыла ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Асхат Аймағамбетов бүгінде оқу жылын ұзарту, сәйкесінше жазғы демалыс мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді.

Алайда, елдегі коронавирусқа байланысты жағдайдың келешегін болжау қиын – егер күтпеген жайттар туындаса, оқу жылы ұзартылуы да мүмкін.

Дегенмен, ведомство басшысы әзірге мұндай жоспарлар жоқ екенін кесіп айтты.

Сондай-ақ ол осы сәрсенбі күні, 1 сәуірде Қазақстан мектептерінде онлайн-сабақтың сынағы өткізілетінін, ал ертесіне ата-аналарға онлайн-жиналыс өтетінін мәлім етті.

Сонымен қатар, министр биыл коронавирусқа байланысты ҰБТ кейінге шегерілмейтінін мәлімдеді. Тестілеу әдеттегідей маусым айында өткізілмек. Дегенмен, білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ға қатысты қорытынды шешімді мамыр айында шығарады – ол Қазақстандағы эпидемиялық жағдайға байланысты болмақ.

Еске сала кетейік, биыл 16 наурыздан бастап қазақстандық мектеп оқушылары мерзімінен бұрын демалысқа шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848138-kazakstanda-koronaviruska-bajlanysty-oku-zyly-zartyla-ma/

pixel