Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда емханалары ЖРВИ белгілері бар науқастарды қабылдамайды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алтай Көлгінов. Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі
Алтай Көлгінов. Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі: UGC

Алтай Көлгінов бүгінгі күні елордада екі медициналық мекеме жабылғанын еске салды. Олар қалалық онкологиялық орталық пен "Мейірім" клиникасы болып табылады. Екі оқиғадада коронавирус сырттан келіп жұққан. ЖРВИ белгілері бар науқас емханаға өздігінен келіп жүгінді. Кейіннен сынама тексерісінен кейін одан COVID-19 анықталған.

Бүгінде науқастармен қатар, олармен байланыста болған дәрігерлер де оқшауландырды. Елорда башысы болашақта мұндай жағдайларды болдырмас үшін қала билігі респираторлық аурудың белгілері бар науқастарды № 2 жеке поликлиникасына жіберу шешімі қабылданғанын мәлімдеді.

Емхана Желтоқсан, 36 мекен жайы бойынша орналасқан. Медициналық мекеме тәулік бойы қызмет етеді.

"Өзге ауруханалар оларды қабылдамайтын болады. Себебі, біздің дәрігерлер мен өзге адамдардың жұқтырып алу қаупі жоғары. Сол себепті, ЖРВИ белгілері бар адамдар жедел жәрдемге хабарласуы керек. Олар тек бір емханаға жүгіне алады" , - деді Көлгінов.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов елордалық дәрігерлердің коронавирус жұқтырып алғандарын хабарлаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848140-elorda-emhanalary-zrvi-belgileri-bar-naukastardy-kabyldamajdy/

pixel