Выйти
RU

Алматы облысында баласымен жүрген келіншек ұрланып, соққыға жығылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында үш жасар қызымен серуендеуге шыққан келіншек ұрланып, соққыға жығылды. Қылмыс 28 наурызда, күндізгі уақытта болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

алматы обл

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы "Немолчи" қорының парақшасында белгілі болды. Дина Смаилованың хабарлауынша, жәбірленуші күннің бірінші жартысында баласымен бірге серуендеуге шыққан. Осы кезде оған көлік келген.

Автокөлік жолаушылары келіншекті бастапқыда әңгімеге тартқан. Артынша оны салонға күштеп кіргізіп, қылқындырып, ұра бастаған.

Осы сәтте зардап шегушінің кішкентай баласы жолда қалып қойған.

Зардап шегушінің сөзінше, мұндай қатігездікке кек себеп болуы мүмкін. Өйткені жәбірленуші таныстарының бірін жеңгетайлықпен айналысады деп айыптап, құрбысына онымен араласпауға кеңес берген.

Қызы мен немересін түскі асқа шақыруға шыққан анасы көшеде жалғыз қалған немересін тауып алған. Бүлдіршін әжесіне анасын екі әйел адамның ұрып, адам жоқ орынға әкеткенін, сонымен қоса планшеттерін тартып алғанын айтқан.

Дина Смаилованың хабарлауынша, жәбірленушінің басына көп соққы тигендіктен оеың миы шайқалған.

Өңірдегі полиция департаменті азаматшаның ұрланып, тоналғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, жәбірленуші планшетін тартып алғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары іске қатысы барлардың бәрін анықтап, күдіктілерді қамауға алған.

Аталмыш фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша (125 бап, 191 бап 1 бөлім) тергеу жүргізілуде.

Жәбірленуші ауруханадан шыққаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның дене жарақаттарының ауырлық деңгейі анықталады.

Еске сала кетсек, Павлодарда әлеуметтік желіде екі ер адам сөзге келіп, жанжалдың ақыры біреуінің мүгедек болып қалуымен аяқталған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында баласымен жүрген келіншек ұрланып, соққыға жығылды