Выйти
RU

Елімізде қашықтан оқыту жүйесі қалай жүзеге асады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде қашықтан оқыту жүйесі қалай іске асатынын түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Аймағамбетовтің айтуынша, қашықтан оқыту ауыл мектептеріне және шалғайдағы шағын жинақты мектептердегі балаларға қиын болады.

Министр ең басты назарды осы мәселеге аударып, тиісті жұмысты бастап кеткендерін мәлім етті.

"Жұмыс жалпы қалай жүргізіледі деген сауалға жауап беретін болсақ, 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірінші бағыт - теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру. Қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп, республикалық 2 телеарна келісімін берді. Ол -"Балапан" мен "Ел арна" телеарнасы. Біз осы телеарналар арқылы сабақтарымызды тиісті кесте бойынша күніне 8 сағат береміз", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, 4 тоқсанды қамту үшін 3 360 сабақ түсіру керек екен. Қазіргі уақытта осы сабақтардың 300-ден астамы түсіріліп, дайын болған.

"Әрине, бұл өте күрделі мәселе. Осындай үлкен індет болып жатқанда ұстаздарымыз телеарналарға келіп, тиісті түсірілімге қатысуда. Ұстаздарымыз түсірілімге дайын болмаған. Тележүргізуші ретінде өзін жаңа рөлде сынап жатыр. Сабақтарын дайындап, оны 10-15 минутқа түсінікті әрі бала жалықпайтындай дұрыс форматта беру де үлкен емтихан", - дейді ол.

Аймағамбетов түсірілімге қатысып жатқан мұғалімдерге алғыс білдіріп, келесі үлкен бағыт - бұл радио екендігін айтты.

"Біз теледидар сигналы жетпейтін елді мекендерде Қазақ радиосы бар екендігін жақсы білеміз. Қазақ радиосымен де келісімге келдік, радиодан да тиісті кестеге сәйкес сабақ жүргізіледі. Үшінші бағыт - пошта арқылы. Өздеріңіз де білесіздер, бізде 1 200 елді мекен бар. Олар өте шағын елді мекендер, оларда 3, 4, 5 оқушы ғана бар. Оларды бұның алдында күнделікті көлікпен мектепке алып келіп, алып кететінбіз. Біз бұл балаларға да білім беруміз керек. Сондықтан да пошта арқылы да осы жұмысты жүргіземіз", - дейді білім және ғылым министрі.

Асхат Аймағамбетов төртінші бағытта интернет жүйесі арқылы сабақ жүргізілетіндігін атап өтті.

"Жалпы, қысқа уақыттың ішінде бірнеше интернет платформаларын, цифрлық ресрустарды дайындап болдық. Ең бастысы ұстаздарымыз осы цирфлық платформаларды пайдалана білу мәселесіне де үлкен көңіл бөлудеміз. Сондықтан әр мектепте, колледжде, ЖОО-да, білім бөлімдері, басқармаларында осы жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов оқу жылын ұзарту, сәйкесінше жазғы демалыс мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде қашықтан оқыту жүйесі қалай жүзеге асады