Выйти
RU

Коронавирустан көз жұмған екінші отандасымызға қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін елімізде коронавирустық инфекциядан екінші адамның көз жұмғаны белгілі болды. Дәрігерлер мән-жайды баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан екінші адам көз жұмды: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Қайтыс болған ер адам ауруханаға ауыр халде түскен. Ода екі жақты пневмония және тыныс алу жетіспеушілігі болған. Ем алу уақытында науқастың жағдайы тек нашарлай берген.

Бұған ер адамның қант диабеті мен артериялық гипертензиямен ауыруы да әсер еткен. Ол ауруханаға түскеннен кейін келесі күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Диагностика кезінде науқастың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ер адам емді диагностика және COVID-19-дан емдеу хатаммасына сәйкес алған.

Күн сайын дәрігерлер науқасқа көмектесудің жолдарын іздеу үшін консилиум өткізіп, медициналық университеттен мамандар шақырған.

Алайда, ақ халаттылардың күш-жігеріне және қарқынды терапияға қарамастан, пациентте көптеген органдардың, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек қызметінің бұзылуы байқалған. 31 наурыз күні таңғы сағат үш жарымда науқас көз жұмған.

Еске сала кетейік, бүгінде елордада коронавирус жұқтырудың 175 дерегі тіркелген. Олардың 15-і COVID-19 инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустан көз жұмған екінші отандасымызға қатысты жаңа дерек шықты