Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі ТЖ байланысты мұғалімдердің жалақысы өзгере ме: Министр жауап берді

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан оқу режиміне көшуі мұғалімдердің жалақысына қалай әсер ететінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елдегі ТЖ байланысты мұғалімдердің жалақысы өзгере ме: Министр жауап берді
Фото: pixabay.com: UGC

Аймағамбетовтің мәліметінше, 6 сәуірден бастап оқушыларға білім беру процесі жалғасады.

Алайда тек оқыту форматы ғана өзгермек – мұғалімдер оқушыларды қашықтықтан оқытады.

Министр бұл тәртіпке байланысты ұстаздардың жалақы мөлшері төмендемейтінін айтты. Себебі мұғалімдер атқарар жұмыс көлемі азаймаған көрінеді. Керісінше көбейіп жатыр: олар ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізіп, оқу жоспарын қайта қарап, қандай қосымшаларды қалай жүктейтінін тәптіштеп түсіндіріп, әр оқушымен онлайн байланыс орнатып жатыр.

"Мұғалімдердің жалақысы қашықтықтан оқуға байланысты азаймайды", – деді Аймағамбетов.

Министр жекеменшік мектептер мен колледждердегі мұғалімдердің жалақысы туралы сұрақтарға да жауап берді.

Айтуынша, қандай жағдай болсын сабақтардың өтіп жатқанын ескере келе, жан басына қарай қаржыландыруда немесе жалақы келісімшартында көрсетілген сома сол күйінде қалуы керек.

Аймағанбетовтың сөзінше, қосымша білім беру қызметтері жұмысының тоқтауына байланысты олардың жалақы мәселесін колледждер немесе жекеменшік мектептермен бірге келіссөздер арқылы шешкен жөн.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер 850 мың теңге алатынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848152-eldegi-tz-bajlanysty-mgalimderdi-zalakysy-zgere-me-ministr-zauap-berdi/

pixel